Катонқарағай ауданының әкімдігі 12 мамырдан бастап Бұқтырма суқоймасының Катонқарағай және Көкпекті аудандары жағаларын жалғайтын "Васильев" өткеліндегі паром жұмысының басталғанын хабарлады. Десе де, биылғы баға өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Паром қожайынының айтуынша, мұндағы басты себеп жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алу бағасының қымбаттығы көрінеді. Алайда, бағаға қарамай көк айдыны көлкіген Шығыстың тағы бір тамашасын келген қонағына көрсетейін деген жолаушы үшін біздің ақпаратымыз керек болар. Осы себепті "Васильев" өткеліндегі паром қозғалысының кестесі мен өткізілетін техника мен жүкке төленетін төлемақы туралы айтып өтуді жөн көрдік.
Өздеріңізге белгілі, облыс орталығынан өр Алтайдың төрінде орналасқан Катонқарағай ауданына жетудің «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары», «Өскемен-Васильев өткелі-Рахман қайнарлары» және «Өскемен-Самар-Күршім ауданы-Рахман қайнарлары» сияқты үш бағыты бар екені белгілі. Жер жәннатын бетке алған жолаушылардың біразы жаз шыға «жолы жайлы, әрі келген қонақтарға шығыстың тамаша табиғатын көрсетудің бір мүмкіндігі» деп «Васильев» өткелі арқылы төте тартуды жөн көріп жатады. Қалай десек те, таңдау жолаушының өзінде, бастысы діттеген жерге дер кезінде жету. Ал жұмысын бастаған «Одесса» теплоходы көлік пен жүк тасымалдауды қара күзге дейін жалғастырады.
Естеріңізде болса, осыған дейін Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын "Қызыл Ту" өткеліндегі "Ертіс" және "Күршім" теплоходтарындағы көлік пен жүк алып өту бағасы мен жүру кестесін жариялап, биылдан бастап бағаның біраз жоғарылағанын хабарлаған едік. Бұл үрдіс биыл "Васильев" өткеліндегі "Одесса" теплоходын да айналып өтпеді. Бұл жөнінде ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтанов былай деп хабарлады:
- "Одесса" паромымен жеке кәсіпкер Әсия Кудаскина қызмет көрсетеді. Ол Өскемен қаласындағы "Гидросталь" ЖШС-мен шартқа отырған. Соңғы рет жөндеу жұмыстары өткен жылы жүргізілген. Биыл жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауына орай паромның көліктерді алып өту бағасы 5-8 пайызға көтерілген, - деді жауапты тұлға.
Теплоход ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп, мамыр айының 12-нен бастап жұмысын бастағанын Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков те растады.
- "Одесса" теплоходына жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл да оған қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген, - деп қосты ол.
Біздің анықтама:
Қарт Ертісті есе жүзген «Одесса» теплоходы 1973 жылы жасалған. Жүк көтеру мөлшері 450 тоннаны құрайтын теплоходтың қозғалтқышында 450 аттың күші бар. Жылда жөндеу жұмыстары жүргізілетін теплоход биыл да кезекті жөндеуден өтіп жұмысын бастады.
Паромның автокөліктерді алып өту бағасы
(өткен жылғы бағамен салыстырмалы түрде беріліп отыр)
Автокөлік маркасы |
2017 жылғы баға (теңгемен) |
2018 жылғы баға (теңгемен) |
Жолаушылар тасымалдайтын көліктер |
||
Сыйымдылығы 14 жолаушыға дейінгі шағын автобустар |
2500 |
2700 |
Сыйымдылығы 14 жолаушыдан асатын шағын автобустар |
3000 |
3200 |
«Паз» типтес көлік құралдары |
4500 |
5000 |
Ауылшаруашылығы техникалары |
||
Беларусь тракторы |
3500 |
4000 |
Тіркемесі бер Беларусь тракторы |
4000 |
4500 |
К-700 |
12000 |
17000 |
Тіркемесі бар К-700 |
20000 |
25000 |
Комбайн |
15000 |
17000 |
Тіркемесі бар комбайн |
- |
20000 |
Ат-арба |
- |
500 |
Жүк көліктері (алып өту бағасы жүк көтерімділігіне байланысты) |
||
1,5 тоннаға дейінгі автокөліктер |
2800 |
3000 |
1,5-тен 3 тоннаға дейінгі автокөліктер |
3500 |
3800 |
3-тен 5 тоннаға дейінгі жүксіз автокөліктер |
4500 |
5500 |
3-тен 5 тоннаға дейінгі жүк тиелген автокөліктер |
- |
7500 |
5-тен 8 тоннаға дейінгі автокөліктер |
7000 |
8500 |
8-ден 10 тоннаға дейінгі автокөліктер |
9000 |
10000 |
10-нан 15 тоннаға дейінгі автокөліктер |
11000 |
- |
15-тен 20 тоннаға дейінгі автокөліктер |
12000 |
18000 |
20 тоннадан асатын автокөліктер |
17000 |
20000 |
Трал |
- |
22000 |
1,5 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер |
- |
5500 |
1,8-ден 2 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер |
- |
6500 |
3 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер |
- |
7500 |
Жеңіл көліктер (алып өту бағасы қозғалтқыш көлемі бойынша анықталады, см3) |
||
Мотоциклдер |
500 |
600 |
2000 жылдарға дейін шығарылған ВАЗ, Москвич автокөліктері |
- |
900 |
Қозғалтқыш көлемі 1400-ге дейінгі автокөліктер |
1000 |
1100 |
Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 1800-ге дейінгі автокөліктер |
1100 |
1300 |
Қозғалтқыш көлемі 1900-ден 2200-ге дейінгі автокөліктер |
1300 |
1500 |
Қозғалтқыш көлемі 2300-ден 2700-ге дейінгі автокөліктер |
1500 |
1700 |
Қозғалтқыш көлемі 2800-ден 3500-ге дейінгі автокөліктер |
1800 |
2000 |
Қозғалтқыш көлемі 3600-ден 4000-ға дейінгі автокөліктер |
2200 |
2400 |
Қозғалтқыш көлемі 4100-ден 6000-ға дейінгі және одан жоғары автокөліктер |
2500 |
2700 |
Экскаваторлар |
||
0,2-ден 0,5 текше метрге дейінгі экскаваторлар |
- |
3500 |
0,5-тен 0,75 текше метрге дейінгі экскаваторлар |
- |
4500 |
0,75-тен 1 текше метрге дейінгі экскаваторлар |
- |
5500 |
1-ден 1,56-ға дейінгі және одан жоғары текше метрлік экскаваторлар |
- |
6500 |
"Газель" типтес көліктер |
||
Газель шағын автобусы |
- |
2400 |
Ұзартылған жүк газелі |
- |
3500 |
Тентті будка жүк газелі |
- |
3000 |
Жолаушылар газелі |
- |
2800 |
2000-шы жылдарға дейін шығарылған минивэн көліктер (Фольксваген, Мерседес және т.б.) |
- |
2000 |
Таблетка, жүк және жолаушы тасымалдайтын УАЗ көліктері |
- |
2400 |
УАЗ көлігі |
- |
1700 |
Арнайы рейс |
|
30 000+тариф |
«Одесса» теплоходының жүру кестесі
Оң жақ жағалау |
Сол жақ жағалау |
Катонқарағай ауданы |
Көкпекті ауданы |
7.40 |
8.00 |
9.00 |
10.00 |
11.00 |
12.00 |
13.00 |
14.00 |
15.00 |
16.00 |
17.00 |
18.00 |
19.00 |
20.00 |
21.00 |
22.00 |
Азамат ТЕМІРБЕКОВ