«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Катонқарағай ауданында 355,4 млн теңгеге 46 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 2024 жылға жалпы сомасы 448,1 млн теңгені құрайтын 43 жобаға қаржы бөлінді. Оның ішінде туризм саласына 202,4 млн теңге, омарта шаруашылығына 7,2 млн теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехын ашу үшін 46 млн теңге, мал шаруашылығын етті бағытта дамыту үшін 183,3 млн теңге, шағын бизнесті дамыту үшін 9,2 млн теңге қарастырылған, - деді Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Карабалинов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА