Биыл Өскеменде қандай көшелер жөнделеді

294
көрілім

Жақында қалада жол жөндеу маусымы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Дәстүр бойынша сәуір-мамыр айларында негізгі жұмыстарды бастау үшін дайындық шаралары алдын ала жүргізіледі. Биыл қаладағы екінші деңгейлі және аудандық маңызы бар көптеген аудандарда асфальт ауыстыру жоспарлануда.

Мысалы, Октябрь ауданындағы Новатор көшесі, жөндеуге  алынбаған Крылов пен Қайсенов учаскелері. Бұған дейін жөнделген Интернациональная көшесіне кіретін Тимофеев көшесін жаңарту да көзделмек. 

Ал Үлбі ауданындағы Металлургтер көшесін жөндеу жергілікті логистика үшін маңызды.

Шағын аудандардағы жолдарға баса назар аударылады. Красина, Шмелев Лог, Северный, Шығыс, Сол жағалау аудандарындағы бірқатар көшеледе жаңа асфальт төселмек.

Жол жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі:

Металлургтер к.;
Тимофеев көшесіндегі «Комфорт» сауда орталығынан Интернациональная көшесіндегі көпірге дейін. №47 мектепке бағыт;
Новатор к.;
Буров көшесінен Новтор көшесіне дейінгі Қабанбай батыр к.;
Пушкин к. (Красин ауданы);
Декабристер к. (Красина ауданы);
Леваневский к. (Красина ауданы);
Линейная к. (Красина ауданы);
Ногобай к. (Красина ауданы);
Предгорная к. (Красина ауданы);
Шелехов к. (Красина ауданы);
Ползунов к. (Шмелев лог ауданы);
Багратион к. (Шмелев лог ауданы);
Железнодорожная к. (Шмелев лог ауданы);
Первомайская к. (Северный ауылы);
Урожайная к. (Сол жағалау);
Васильев к. (Сол жағалау);
Чехов к.;
Облыстық музей аумағындағы К.Либнехт к. (Чехов көшесінен М.Горький көшесіне дейін);
Самар шоссесі (Байбатчин көшесінен Дружбы Народов көшесіне дейін) 
Сәтбаев даңғылы – Көкжал Барақ көшесі қиылысының орташа жөндеу жұмысы. 
Сарыарқа к. (Шығыс ауданы).