Бөлінген қаражаттың ішіне жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ хоккей мен футбол алаңын жайластыруға кеткен шығындар кіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Облыс орталығының шет аймақтары сияқты Красин кентінде да мәселе аз емес. Ауылды көркейтуге деген барлық тілектерін жергілікті тұрғындар бұған дейін қала әкімімен кездесуде де айтқан болатын. Азаматтардың ұсыныстары қабылданып, оң шешімін тапқан еді. Жақында әкім ауылға тағы да ат басын бұрды.
Өскемен басшысының айтуынша, биыл ауылдың көшелерін асфальттауға қосымша қаржы бөлінген (су құбыры жобасынан бөлек). Бұл жұмыс жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын 8 учаскені қамтуға арналған.
– Осы аптада мердігер шешім қабылдауы керек. Содан кейін бірден жұмысқа кіріседі, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
Әкімнің айтуынша, ауыл жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары жалғасады. Бұл мақсаттарға қосымша 30 миллион теңге бөлінді. 14 көшенің жолдарын жөндеу жоспарланған, қазіргі таңда соның үшеуі толықтай бітті. Ауыл көшелерін жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар өткен жылы атқарылыпты. Нәтижесінде 665 жаңа шам орнатылды. Биыл төрт учаскеде тағы саны 39 жарық орнату жоспарлануда.
– Жергілікті мектеп аумағында хоккей мен футбол алаңын орналастыру жұмыстары басталып кетті. Ал салынып жатқан спорт алаңын мектеп маңайынан болуды ауыл тұрғындары таңдаған. 1 қыркүйекке дейін нысанды тапсыру жоспарлануда, – дейді Жақсылық Омар.
Сөз соңында әкім биыл атқарылатын жұмыстарға қосымша қаржыландыру көлемі 180 млн теңгені құрайтынын жеткізді.