Биыл шомылу маусымында республика бойынша 200-ден астам адам суға кеткен

393
көрілім

Еліміздің Төтенше жағдай комитетіндегілер республика көлемінде суға шомылу маусымы кезінде тіркелген қайғылы жағдайлар статистикасын келтірді. Суға кеткен 239 адамның 75-і – балалар.

Десе де ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінде биыл өткен жылмен салыстырғанда ажал құшқандар саны азайғанын мәлімдеді.

– Шомылу маусымынан бері (1 маусым-31 тамыз аралығы) батып бара жатқан адамды құтқару, мас күйінде суға түсу, рұқсат етілмеген жерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру салдарынан 239 адам көз жұмса, оның 75-і балалар, – делінген хабарламада.

Одан бөлек, ведомствоның баспасөз қызметінде су тоғандары аумағындағы патрульдер, құтқарушылар мен полицейлердің көмегімен 160 адам құтқарылғанын атап өтті.

Төтенше жағдай комитетінде соңғы шомылу маусымы кезінде, нақты айтқанда 24-31 тамыз күндері аралығында Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында 14 адам суға кеткен, оның үшеуі балалар екендігі айтылды.

Өкініштісі сол, биылғы шомылу маусымында ең көп суға батқандар Алматы (35 адам), ШҚО (31 адам) және Түркістан облысында (23 адам) тіркелгені мәлім болды.