Биыл тұрғын үй құрылысына 133,3 млрд теңге бөлінбек

131
көрілім

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «ШҚО бойынша 2024 жылы тұрғын үй құрылысын іске асыру» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ахмамбетовтың сөзінше, экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемін республика бойынша 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайту – басты міндет.
– Қазір облыс  бойынша тұрғын үй құрылысының жалпы көлемі 747 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 605 мың шаршы метр көппәтерлі үй, 142 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы, – деді ол.
Жауапты тұлғаның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 400 мың шаршы метр аумақты пайдалануға беру жоспарда бар. Оның төртеуі несиелік үй – 75 мың шаршы метр (672 пәтер), 23 коммерциялық үй – 182,4 мың шаршы метр (1 786 пәтер), «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша 458 үй – 34,2 мың шаршы метр және халық қаражаты есебінен жеке тұрғын үй құрылысы – 108,4 мың шаршы метр.
Тұрғын үй құрылысына жоспарланған инвестиция көлемі 133,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде бюджеттік қаржыландыру 22,9 млрд теңге. Жыл соңына дейін бюджет есебінен 1438 баспана бой көтермек.
Сондай-ақ Азмат Брлесұлы өңірде тұрғын үйге кезекте тұрғандар жайлы да туралы өтті.
- Облыс халқы «Отбасы Банкі» АҚ-ның «Наурыз», «Отау» жаңа ипотекалық бағдарламаларына қатысуда. Бүгінгі таңда «Наурыз» бағдарламасы бойынша 272 адам, «Отау» бағдарламасы бойынша 166 адам өтті, - деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА