2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 75,5% артық. Сондай-ақ, биыл 4 мыңнан астам адамның жол-көлік оқиғасынан зардап шеккені анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 75,5% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 839,5 мың бірлікті құрады.
Ағымдағы жылғы 3 айда 4 314 адам зардап шеккен 3 047 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 2,4% азайған.
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,9 млрд теңге сомасына 16 895 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.