Биылғы оқу жылында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да әлемнің 12 елінен шақырылған ғалымдар жұмыс істеді

1002
көрілім

Әр жылы дайындалатын білім шарттары жан-жақтан оқытушылар мен студенттерді тарта түскен. Соңғы мәліметке сәйкес, өскемендік университетте шет елдерден келген 110 студент білім алып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, түрлі мемлекеттерден келген ғалымдардың академиялық ұтқырлығы мен тағылымдамалары шетелдік ғылыми орталықтарда жүзеге асырылып келеді.

– 10 ғалым Америка, Түркия, Ұлыбритания, Ресейдің жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Жалпы, 2022-23 жылғы оқу жылында ШҚТУ-да 12 мемлекеттен шақырылған 48 ғалым жұмыс істеді. Студенттеріміз негізгі инженерлік біліктіліктің 1-ші курсын тәмамдаған соң 651 студент бакалавриат дәрежесін алды. Жастарымызға тәжірибесімен бөлісіп, оқытуда Huawei, Amazon сияқты компаниялар тартылады, – деді университет ректоры.

Білімін ғылыммен байланыстыратын түлектер бір жылда он докторлық диссертация қорғап, бұл айтулы жетістік деп танылды. Себебі, ғылыми зерттеулерге де жіті мән берілетін жоғары оқу орнының жастары болашақта ауыл шаруашылығынан бастап, түрлі салаға өзгерістер әкелетін жобалар ойлап табуда.

– Smart Engineering орталығының меңгерушісі тұқым сепкінің сұлбасын анықтап, әзірлеп жатыр. Ол дайын болған жағдайда егістік алқабына апарып, тыңайтқыш ретінде қолданады. Бұл жерде тыңайтқыштың толықтай дақылдың тамырына баратынын ескерген жөн. Облыста майлы дақыл егістігі өрлеп тұрғандықтан, университет ғалымдары әзірлеп жатқан тұқым сепкі оң жаңалық әкеледі деуге болады. Күзде тәжірибеден өткізу жоспарда бар, – деді ректор.