Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 31 287 адам кеткен

342
көрілім

Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 31 287 адам кетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3550 адамға (27 737 адам) артық, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы теріс сальдосы - 23 867 адам, өткен жылы - 19 311 адам. 2019 жылғы қаңтар-тамызда 2018 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 11,9 пайызға азайған, Қазақстаннан кеткендер саны 12,8 пайызға артқан.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 81,3 пайызды және 91 пайыз болды. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны 23,5 пайызға артқан. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы республиканың бес өңірінде қалыптасты: Маңғыстау (644 адам) Павлодар (74 адам) облыстарында және Нұр-Сұлтан (21 981 адам) Алматы (24 597 адам) және Шымкент (1230 адам) қалаларында.