Биылғы жылдың 6 айында Өскемен қалалық №2 сотында 747 қылмыстық іс қаралған

589
көрілім

2017 жылдың 6 айында Өскемен қалалық №2 сотында 747 қылмыстық іс қаралған. Бұл өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 81 іске көп, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қайтар-маусым айлары аралығында Өскемен қалалық №2 сотында 789 қылмыстық іс келіп түскен. Қазіргі уақытта бұл істердің 747-і қаралып, 311 іске үкім шығыпты. Айта кету керек, медиация тәртібімен жалпы саны 211 іс аяқталған екен.
– Сотталып шыққан адамдардың арасында қайтадан заңбұзышылыққа жол беретіндер өте көп. Дүкеннен мың немесе 2 мың теңге ұрлап ұсталған адамдарды түрмеге қамамауға тырысамыз. Себебі оларды түрмеде ұстау үшін мемлекет тарапынан біршама қаражат жұмсалады. Алайда олар бостандықта жүріп қайтадан ұрлық жасайды. Осындай жағдайлар жиі кездесуде, – дейді Өскемен қалалық №2 сотының судьясы Қазыбек Қасымов.