Өскемен маңындағы Меновное ауылының тұрғындары уақыттың өзгеруіне қарсы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Астанадан келген жұмыс тобы қала тұрғындарымен отырыс өткізді. Уақыттың өзгеруіне наразы болған халықтың көбі Меновное ауылында тұрады.
Қала шетіндегі ұйымдастырылған жиында Светлана Ванина Президентке бағытталған үндеуін оқып берді:
- Күндізгі уақыттың азаюынан балалардың қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр деген сөз. Жалпы, мұның не қажеттілігі бар? Денсаулыққа қандай зиян келетіні бұған дейін де айтылды. Біз қараңғыда өмір сүргіміз келмейді, - деді ол көзіне жас алып.