Блогер Дамир Көшеев сотта жеңіліп қалды

108
көрілім
ашық дереккөзден

Алматы қалалық соты Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Әсем Ағажаеваның блогер Дамир Көшеевке қарсы шағымын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін блогер экс-шенеунікті бала саудасы және басқа да заңбұзушылықтар үшін ашық айыптаған.
Сотта Дамир Көшеев өз блогында айтылған фактілерге ешқандай дәлел келтіре алмады. Сот бұл әрекетті заңсыз деп тауып, блогерге бұрын айтқан ақпаратты көпшілік алдында жоққа шығаруды, балаларды сатып, қаражат жымқырды деп негізсіз айыптаған барлық видеожазбаларды жоюды міндеттеді.
Сот шешімі бойынша Дамир Көшеев моральдық шығынды төлеуге және барлық сот шығындарын өтеуге міндетті.
Алайда сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ