Бұл сұрақты Глубокое ауданы тұрғындарының бірі аймақ басшысы Ермек Көшербаевқа қойды, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.
Аталған елдімекенде 30 жылдан бері тұрып жатқан Татьяна Абросимованың айтуынша, бұл 2017 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе. Қазір көпір апатты жағдайда тұр.
- Келер жылы Бобровкаға 260 жыл толады. Бірақ бірнеше түйткіл әлі сол қалпында. Көпірден бөлек, 17 көшенің тек біреуі ғана жарықтандырылған. Нақты жұмыс қашан қолға алынады? - деді тұрғын.
Ермек Көшербаевтың сөзінше, көпірдің жөнделуін өзі қадағалайды. Әкім Бобровканың туристер мен жергілікті жұрт жиі баратын орынға айналуы тиіс екенін алға тартты.
- Бұл үшін ең алдымен ауыл көшелері жарық, жолы тегіс болуы керек. Облыстық Экономика басқармасы тиісті сметаны бекітсе, шешімі табылуы тиіс. Жергілікті әкімдік те бұл ретте әрекетсіз қалмауы қажет, - деді Ермек Беделбайұлы.