Бокс федерациясының Мырзағали Айтжановты қызметтен кетіргені рас па?

123
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарынан соң бірқатар қызметкерінің жұмыстан босатылғанын жоққа шығарды. Тек өзгерістер болатынын ғана айтты, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz  сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановтың қызметтен кеткенін хабарлап, артынша өшіріп тастағанын жазған болатынбыз. Алайда, бокс федерациясы мұны жоққа шығарды.  

Өшірілген постта жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұрған еді.

Сондай-ақ, бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар – Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус болды.

Федерациядағылар қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын айтты.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз", – делінген федерация жауабында.

Бұған дейін Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп те реформалар туралы айтқан. Ол Олимпиада ойындары құрамада қателіктер мен кемшіліктер барын көрсетті дегенді алға тартты.