Боксшы Әділет Құрметұлы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

1197
көрілім

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы, Өскеменнің түлегі Әділет Құрметұлы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтыны тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
1/8 финалда отандасымыз малайзиялық Алназирул Отманмен кездесіп, жеңіске жетті. Ширек финалда Әділет 2015 жылғы Азия чемпионы, 2015 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері моңғолиялық Отгондалай Доржнямбумен кездеседі. Өз кезегінде 29 жастағы моңғол боксшысы сириялық Гайан Найдудраладжан үстем түскен болатын.
Әділет Құрметұлы Азия біріншілігінің ширек финалына шыққан алтыншы қазақстандық боксшы. Бұған дейін Ержан Жомарт (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Василий Левит (91 келі) сек
ілді боксшыларымыз 1/4 финалдың жолдамасын жеңіп алған еді.

Ғани Жакупов пен Әділет Құрметұлы

Әділет Құрметұлы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғани Жакуповтың шәкірті. Өскемендегі спорт модульде жаттыққан. Боксшы Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі. Тарбағатай ауданының Сағындық ауылында дүниеге келген Әділет Құрметұлы Финляндия, Венгрия, Германия, Ресей елдерінде өткен халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте тұғырдан көрінген болатын.

Мейрамбек Қосажан,
Фотосуреттер Vesti.kz порталы мен Ғани Жакуовтан алынды