Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы коронавирус жұқтырды

377
көрілім
Шартты фотосурет

Ресейлік былғары қолғап шебері Евгений Тищенко коронавирус пандемиясына шалдықты, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан төрт жыл бұрын ресейлік спортшы Олимпиада ойындарының финалында отандасымыз Василий Левиттің алдын орап кеткен болатын. Сол додада Тищенко 91 келіге дейінгі дәрежеде топ жарды. Ал қазір спортшының қатерлі індет жұқтырғаны белгілі болды. Ресми бокс парақшаларының мәліметінше, боксшы дәрігерлер көмегіне өзі барып жүгінген. Талдау сараптамасы оң нәтиже берген соң ақ халаттылар оны үй карантиніне жауып, жағдайын бақылауға алды.