Мырзағали Айтжанов ресми түрде бокстан Қазақстан ерлер командасының жаңа бас бапкері болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл қызметте ол жерлесіміз Қайрат Сатжановтың орнына келді. Спорт басылымдарының мәліметіне сенсек, аягөздік бапкер өз еркімен құрамадан кетті. Мырзағали Айтжанов Олимпиаданың қола жүлдегері және әлем чемпионы Сакен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.
Ол бұған дейін ұлттық құраманы басқарған болатын. Одан бөлек, 2009 жылдан 2018 жылға дейін бас жаттықтырушы болды. Оның есімімен отандық құраманың көптеген басты тарихи жетістіктері байланысты.
Сонымен, Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сапиев, чемпион және Вэль Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов чемпион атанды.
Мырзағали Айтжановпен бірге команда әлем чемпионаттарында бес алтын медаль жеңіп алды (2013 жылы 4, 2017 жылы 1).
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатжанов Ұлттық құраманың тізгінін 2021 жылдың қыркүйегінде алған болатын.
Әділхан ЕСІМХАНОВ