2020 жылға қарай барлық жол-патрульдік полициясының қызметкерлері мен педагогтардың басым бөлігі алғашқы медициналық көмек көрсете алатын болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жаңашылдық «МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау» жобасында айтылды.
Жоба бойынша жол-көлік оқиғасында жапа шеккендердің өмірін сақтау үшін жедел медициналық көмек көрсетуге барлық жол-патрульдік полициясы қызметкерлері, ал 2020 жылға қарай барлық білім ордаларындағы педагогтардың 75 пайызы үйретілмек.