1961 жылдың 6 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде дүниеге келген.
Өскемен құрылыс-жол институтының «Архитектор» мамандығы бойынша, кейін Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық Университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітіреді.
Еңбек жолын«Химстрой Шемонаиха» трестінің «Промстрой» ММ ісмері болып, кейін Өскемен ЭМР «Шығысқазгеология» ӨГҰ учаскесінің басшысы, экспедиция басшысының орынбасары қызметін атақарады. Осылайша «Топаз ГБК» ЖШС бас директорының лауазымына дейін көтеріледі.
Дағдарыстағы қиын кезңді басынан өткізген қазақстандық геологиялық барлау өндірістік кадрлары мен материалдық-техникалық базасын сақтап, өз жұмысын жалғастыруда. Ең ірі геологиялық үйымдардың бірі болып табылатын «Топаз»Геологиялық барлау компаниясы» құрылып, бас директоры Бағадаев Бағдат болды. Ол Қазақстанның өнідірістік геологиялық ұйымдарының Ассоциациясын құру бойынша бастамашылардың бірі.
Қазіргі уақытта Болат Бағадаев «Best & Alliance Group» ЖШС компаниясы топтарының Бас директоры болып қызмет атқарады.
Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Болат Бағадаевты жоғары бағалап, 2002 жылы «Жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен, 2006 жылы «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» белгісімен марапаттады.
2011 жылы «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталды.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.