Болгариядағы жарыста Ермахан Жақпековті жүлдесіз қалдырды ма?

467
көрілім
Фотосурет vkoboxing парақшасынан (ел чемпионаты)

Болгариядағы халықаралық «Странджа» турнирі мәресіне жетті. Ел құрамасы командалық есепте үздіктер қатарында, дегенмен жерлестеріміз жүлде ала алмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ағайынды Жақпековтердың бірінің жүлде алуына тамаша мүмкіндік болды. Төрешілер бұра тартқандай көрінді. Ермахан (71 келіге дейін) ширек финалда ресейлік Вадим Мусаевпен жолығып, 3:2 есебімен ұтылды. Бірақ жекпе-жек аяқталған соң қазылар шешімінде екеуі тең, екеуі семейлік спортшыға, ал бір төреші тең нәтиже тіркеді. Десе де нәтиже өзгермеді. Ерасыл Жақпеков те 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалда сүрінді.

Ел құрамасы төрт алтын, төрт күміс және тоғыз қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты.