Бөлімшелердің жауынгерлік атысы

1755
көрілім

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде 2021 жылдың бірінші оқу кезеңінде бөлімшелердің, есептоптардың, құрылымдар қондырғыларының жауынгерлік атысы жүргізілуде.

27943 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, атысқа тартылған барлық құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейіне келтірілді. Жауынгерлік машиналар паркіне келіп, белгілеген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде оқу-жауынгерлік тапсырмасын алды. Жеке құрамның қимылы анықталған соң колонна оқу полигонына жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар бөлімшелері тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады. Оқу полигонында мотоатқыштар және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында барлау ротасының командирлері түрлі тақырыптарда нұсқаулық – әдістемелік дәрістер өткізді.

Сондай-ақ, диверсантты-барлау топтары мен есептоптар әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді.

Осылайша ең алдымен зениттік есептоптардың, зениттік дивизиондар бөлімшелерінің, бұдан кейін мотоатқыштар бөлімшелерінің, мотоатқыштар батальондарының, соңында штабтық батальонның барлау ротасы бөлімшелерінің жауынгерлік атысы жүзеге асты. Жауынгерлік атысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов бақылап, қадағалады.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі