Өскемен гарнизонының механикаландырылған бригадасында 2021 жылдың екінші оқу кезеңінде бөлімшелердің, есептоптардың, құрылымдар қондырғыларының жауынгерлік атысы жүргізілді.
Жоспарға сәйкес, атысқа тартылған барлық құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейіне келтірілді. Жауынгерлік машиналар паркіне келіп, белгілеген шартты ауданға марш жасау жөнінде жауынгерлік тапсырма алды. Жеке құрамның қимылы анықталған соң автокөліктер легі оқу-жаттығу полигонына жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар бөлімшелері тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады.
Оқу полигонында мотоатқыштар бөлімшелерінің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында рота командирлері түрлі тақырыптарда нұсқаулық-әдістемелік дәрістер өткізді.
- Бөлімше құрамымен жауынгерлік атысты жүргізуге тыңғылықты дайындалдық. Взвод командирінен бұйрық алып өз бөлімшеме бағынысты жеке құрамға жауынгерлік бұйрықты жеткіздім. Әрбір әскери қызметші өзінің жауынгерлік есептоптағы іс-қимыл әрекетіне сәйкес тапсырмаларды орындады,– деді бөлімше командирі кіші сержант Ерасыл Қасымов.
Сондай-ақ, барлау топтары мен есептоптар әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі