Бұл туралы Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, аудан орталығы – Бородулиханы абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Переменовка, Жаңа Шүлбі, Новопокровка, Белағаш, Жезкент кентін көркейтуге 60 млн теңге қарастырылды.
Бородулиха ауданындағы Жеңіс саябағы, Новопокровка ауылындағы тротуарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді. Переменовка, Жаңа Шүлбі, Белағаш ауылдары мен Жезкент кентінде төрт «Street workout» алаңы салынып, 40 млн. теңге жұмсалған.
Сондай-ақ Бородулиха ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы көркейтіліп, бірқатар жұмыс атқарылды. Айдың соңында 13 млн теңгеге салынған шағын футбол алаңы ел игілігіне пайдалануға берілмек.
Жүріп жатқан құрылыс нысандары бұл ғана емес, жолаушыларға арналған модульдік мекеме жаңа ғимараттардың бірі болмақ. Қазір онда электр желісін тарту, жарықтандыру, орталық сумен қамтамасыз ету, алаңды асфальттау, автокөліктерге арналған алаң, қоқыс жәшіктері мен орындықтар қойылуда. Жоспар бойынша қазан айының соңында аяқталады.