Бородулиха ауданында қару-жарақты заңсыз сақтаған ер адам анықталды

669
көрілім
ШҚО

Желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бородулиха аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Зенковка ауылы тұрғынының қаруды заңсыз сақтағанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, тінту кезінде 36 жастағы тұрғын 12 калибрлі 2 патрон мен оқпанын қорасындағы банкіге жасырып, одан бөлек, оқ атқыш кесілген екі ұңғылы мылтық сақтаған.

- Сараптама қорытындысына сәйкес бұл мылтық 12 калибрлі «ZAUR» маркалы екі ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының кесіндісі болып шықты. Атыс қаруы оқ атуға жарамды. Ішкі істер министрлігінің базасы бойынша тексеру кезінде қарудың қылмыстық қару ретінде есепте тұрмағаны, сондай-ақ арнайы базада тіркелмегені анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қаскөй мылтықтың марқұм атасынан қалғанын түсіндіріп, өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.