«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон қызметіндегілер қос азаматтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2021 жылы Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ресімдеген 68 жастағы ер адам Бородулиха ауданында анықталды. Ресей Федерациясының азаматы мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған екен. Аталған факті Бородулиха аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексергенде анықталды. Зейнеткер Семей қаласында тұратын ағасына қонаққа келгенін айтқан.
- Заң бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынып, ел азаматтығынан айырылғаны тіркелді, - делінген мәліметте.
ШҚО ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды дер кезінде тіркеу қажет екенін ескертеді.