Бородулиха ауданында Жаңа жылды қарсы алу үшін жергілікті бюджеттен 650 мың теңге қаржы бөлінген. Мереке қарсаңында жеке кәсіпкерлердің бастамаларымен қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылады.
– Жаңажылдық шырша аудандық Мәдениет үйінің алдына орнатылады. Жасанды шырша 20 желтоқсаннан кейін ғана орнатылады. Аудан әкімінің шыршасын 23 желтоқсанда өткізу жоспарланып отыр. Мерекеге көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары қатысады, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Гальченко.
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесін атап өтуге байланысты мәдениет ошақтарында 20-30 желтоқсан аралығында балаларға арналған жаңажылдық шаралар және 31 желтоқсанда ересектерге арналған концерттер ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, биылғы жылы отшашулар ұйымдастырылмайды.