Бородулиха ауданының тұрғыны гаражда қару жасырған

404
көрілім

Қазан айының 23-і күні «Учаске» және «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бородулиха ПБ полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Жаңа Шүлбі ауылының 18 жастағы тұрғыны гаражында қару сақтаған.

- Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде жоғарыда аталған жігіттің гаражынан тапанша табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары барысында жігіт былтыр жазғы ас үйді жинастырып жүргенде шатырынан мылтық тауып алып, кейін оны пешке жасырғанын айтқан. Алайда жауапкершіліктен қорыққан ол полицияға хабарламаған, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару оқ атуға жарамды, 9 мм калибрлі «МР-79-9» травматикалық тапаншасы болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) басталды. Оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.