Бородулиха ауданының тұрғыны үйінде марихуана сақтаған

325
көрілім

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бородулиха ауданы тұрғынынан есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, полицейлер Ивановка ауылында тұратын 30 жастағы ер адамнан қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат тапқан.

- Тексеру барысында үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны анықталды. Ауыл тұрғыны оны жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан. Сараптама актісіне сәйкес бұл зат жалпы салмағы 1,35 грамм кептірілген марихуана, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.