Бородулиха ауданының тұрғыны жалған вакцинация паспортын пайдаланған

584
көрілім
Шартты фотосурет

Бородулиха аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері короновирус инфекциясынан вакцина алғаны туралы жалған электрондық паспортты пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға қазан айының ортасында болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөліміне 29 жастағы аудан тұрғыны жеткізілді.

- Көрсетілген құқыққа қарсы әрекеттер ҚР ҚК-нің 385 - бабы 3-бөлігіне сәйкес көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.