Босануға және бала тууға байланысты құжаттарды қайда тапсырамын?

616
көрілім
– Босануға және бала тууға байланысты берілетін жәрдемақыны алу үшін қандай құжаттарды, қай мекемеге тапсыруым қажет?

Айсұлу, Зайсан ауданы

Сұрағыңызға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАЕҚ ШҚО бойынша филиалы — «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің басшысы Жанат Өмірғалиқызы жауап берді:

– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, төлемдерді тағайындату үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куаландыратын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігі, елімізде тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін — оралман куәлігі.

2. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.

Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректер сәйкес келмеген жағдайда — неке қию (неке бұзу) туралы куәлік.