2022 жылы еліміздің аумағында енгізілген шетелдіктерге арналған туристік жарна жойылады. Бұл ақпаратты Туризм және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы № 347 бұйрығымен шетелдіктердің туристік жарна төлеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік ставка қолданылады. Аталған бұйрық өткен жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ол ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі», — деп атап өтті министрліктен.
Демек, 7 қаңтардан бастап шетелдік туристер жарна төлеуден босатылады.
Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы енгізілген туристік жарна — туристерге жатақханаларды, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем.
Туристік операторлар шетелдіктер үшін алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударды.
Жарна мөлшерін әкімдіктер 1-ден 3 пайызға дейінгі мөлшерде анықтайтын.