Бүгін Аягөз ауданында жер сілкінді

1100
көрілім

Сейсмологтар дүйсенбі күні таңғы уақытта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды NewTimes.kz сайты Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық станциялар жүйесі 16 қазан күні таңғы сағат 07.51-де жер дүмпуін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Аягөз аумағында орналасқан.

— Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 8,7, MPV магнитудасы 4,2 балл.  Сілкіністің сезілуі болған жоқ, — деп хабарлады құзырлы мекеме.