Бүгін бірнеше облыста бұршақ жауады

668
көрілім
«Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі, Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейеді, республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Тек республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел екпіні 23 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін, жекелеген аудандарында таңертең тұман түсіп, күндіз бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейіп, күндіз бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау мен Алматының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.