Бүгін ел аумағының басым бөлігінде екпінді жел тұрады

541
көрілім

4 қазан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды күн райы сақталады. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың тек батысында күтіледі. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей аумақтарын тұман басып, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда өңірлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.