Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оңтүстік- шығыс және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болады.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман болып, жел соғады.
Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с жел тұрады.