«Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, екпінді жел болуы ықтимал, тек батыста, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерелерде тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с болады.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.