Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

493
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығысында фронталды ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, шығыста көктайғақ болып, солтүстікте түнде бұрқасын соғып, жел күшейсе, Қызылорда, Түркістан облыстарында желдің екпіні жекелеген аудандарда 30 м/с болады деп күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оған қоса ШҚО-ның кей жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.