Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз.
Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін болады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.