Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Ал кей жерлерде жел күшейсе, оңтүстік-батыста тұман болады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Кызылорда Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.