Білім бөлімінен екінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтан босатылатыны туралы хабарланды, бірақ біраз уақыттан кейін олар басқаша ақпарат берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бүгін сағат 11.27-де білім бөлімі қала мектептерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 1-11 сынып аралығында сабақтар тоқтатылатыны туралы хабарлады. Бірақ сағат 11.42-де олар «ауа райының өзгеруіне және мектептің орналасуына байланысты сабақты тоқтату немесе тоқтатпау туралы шешімді мектеп басшылары өздері қабылдайды», - деген хабарлама жасады.