Облыс орталығында қарттар күніне орай зейнеткерлер қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлемейді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-нің хабарлауынша, 1 қазан күні қарттар үшін тегін жол жүруге жағдай жасалады. Тиісті құжатты көрсеткеннен кейін кез келген зейнеткер аталған мүмкіндікке ие болмақ.