«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 26 шілдеде күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың оңтүстік-шығысынан солтүстігі мен шығысына қарай екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. Сондай-ақ бүгін 35 градус қатты ыстық болуы ықтимал.
Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.