Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпір құрылысы қашан аяқталады?

4325
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Жауапты тұлғалар барлығы қаржыландыруға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраровтың сөзінше, қазіргі уақытта жұмыс кестеге сай жалғасып жатыр. Жалпы 22 тірегі бар. Қазір 16-шы тірек бекітіліп жатқан көрінеді.

– Көпірдің құрылыс алаңы толықтай аяқталған. Электр желісі тартылып, Күршім жағалауынан жететін жол салынып бітті. Асфальт төсеу ғана қалды. 250 орындық жатақхана құрылысы аяқталды, онда вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар еліміздің түкпір-түкпірінен келген білікті мамандар. Мердігер – «ОблШығысЖол» компаниясы. Көпір құрылысына 250 адам тартылған, алайда 118 адам вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр. Түрлі құрал-жабдықтар жеткізген 128 техника сол жақта, – деді Нұрбек Ерланұлы.

Бұдан бөлек, бетон дайындайтын екі зауыт барын айтты. Ауысым сайын біреуімен - 1000, екіншісімен 1500 тонна бетон әзірленетін көрінеді. Техникалар жаңа дейді.

– Көпір уақтылы салынып бітеді. Жоспарға сәйкес 2024 жылға дейін аяқталуы тиіс. Себебі, біз облыс әкімдігі, Қаржы министрлігі және Индустриялы-инфрақұрылымдық министрлікпен үшжақты меморандум жасадық. Қаржы мүмкіндігіне қарай, жұмыс 2024 жылға дейін созылды. Егер бұл жағы шешіліп жатса, онда бір жыл бұрын аяқталуы да мүмкін, – деді Нұрбек Тұраров.