«Икар» саяжайындағы екі қабатты үй толықтай отқа оранған, - деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өрт шығысымен жақын маңдағы «БИПЭК АВТО» өрт сөндіру қазандығының қызметкерлері оқиға орнына бірінші болып жетіп, қызыл жалынның бетін қайтаруға тырысқан.
ШҚО ТЖД-ның қызметкерлері келгенше үй толықтай қызыл жалынға оранып, көрші үйлерге де жайылу қаупі төнген.
Октябрь кентінің №20 өрт сөндіру бөлімі мен «БИПЭК АВТО» қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды.
- Отқа оранған аумақтың жалпы ауданы 210 шаршы метрді құрады. - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі – Өрттің шығу себебі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан немесе электр желілерін дұрыс пайдаланбаудан болуы ықтимал. Жарақат алып, зардап шеккендер жоқ.