Өткен апталарда «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» бағытында қанша көлік жүргені есептелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Бұқтырма су қоймасына апаратын күре жолмен күніне 22 мыңға жуық көлік өткен. Бұл ақпаратты аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімдігінің отырысында айтты. Ескерерлік жайт, биыл аталған жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Осинов асуының 55-ші шақырымнан бастап Александровка ауылының маңындағы жаңа жолға шыққанға дейінгі аралықта тасжол төселуде. Бұқтырмаға апаратын жаңа жолдағы жөндеу жұмыстары 2025 жылға дейін созылмақ. Асуды айналып өтетін көпірдің де құрылысы әлі басталмады, тек дайындық кезеңінде. Биыл күре жолды басып өтетін көліктер асфальтталмаған қара жолмен жүре бермек және бұл келеші жылға дейін жалғасуы мүмкін.
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» бағытындағы республикалық маңызды жол «Қазавтожолға» қарайды.