Бұқтырма жағалауында браконьерлер қолға түсті

598
көрілім

Қазан айының 2-сі күні рейдтік іс-шаралар барысында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Алтай ауданы ПБ инспекторымен бірлесіп, балық аулауға рұқсаты жоқ төрт адамды құрықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақты айтсақ, заңсыз балық аулағандар Бұқтырма су қоймасының жағалауын, Октябрьский кентінің маңын жұмыс істеудің негізгі нүктесі етіп бекіткен. Осылайша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны қолға түсті.


- Тексеру кезінде олардың балық аулауға рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.  Октябрь кентінің 33 және 35 жастағы тұрғындарынан, Жарма ауылының 35 жастағы тұрғынынан және Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғынынан екі қайық және 200 келіге жуық рипус тұқымды балық тәркіленді. Балықтың жалпы салмағы 232,82 кг болды, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.