Бұқтырма жағалауында демалыс базасы өртенді

436
көрілім

Бұқтырма су қоймасы жағалауында болған өрттің шығу себебіне қатысты болжам айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау 18 мамыр күні сағат 21.21-де Жаңа Бұқтырма ауылындағы «Яры» демалыс базасында шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 350 шарты метр аумақтағы 4 үй мен моншаны шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Бұдан бөлек, өрт жалпы аумағы 250 шаршы метр шөп пен тал-бұтаға жайылған. Өрт сол күні 22.27-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ.

– Тілсіз жауды ауыздықтауға жалпы саны 30 адамды құрайтын №20 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері, жедел құтқару жасағының құтқарушылары, орманшылар және полицейлер жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдаланудан немесе электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болуы мүмкін, - деп хабарлады ведомство өкілдері.