Бұқтырма жағалауындағы демалыс аймағында жүйелі жұмыс басталады — Даниал Ахметов

369
көрілім

ШҚО-дағы демалыс орындарының дамуы облыс әкімдігінің отырысында талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 2020 жылы Бұқтырма су қоймасының жағалауында Үржар ауданындағы Алакөлдегідей жүйелі жұмыс басталады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Демалыс орталықтары иелерінің арасында салық төлемейтіндер болуы мүмкін.

Аймақ басшысы салық төлемеушілерді фиcкалды-кассалық аппараттарды қолдана отырып есеп айырысу жүйесі күтетінін айтты.