Қазір әйелдер құрамасы қызу әзірлік жүргізуде. Бас бапкер Нұрлан Аманқосов бастаған Ұлттық құрама мүшелерінің барлығы келмесе де, әлемдік, құрлықтық деңгейде олжа салып жүрген бірқатары бозкілемнен табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, ойда-жоқта сап етіп, жоспарлардың жарыстардың барлығының шегерілуіне себепкер болған коронавирустан соң бұл алғашқы оқу-жаттығу жиыны. Әйелдер құрамасы да Алматы облысындағы Щучинск спорттық базасында әзірліктерін пысықтауда.
– Иә, жағдайға қарай біршама уақыт тынықтық. Енді салған жерден жүктемені көбейтпей, біртіндеп қалыпқа келген жөн. Спортшылардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Сол үшін барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаймыз, – дейді Нұрлан Аманқосов.
Бас бапкердің айтуынша, осы жолы команданың бірінші және екінші нөмірлі палуандары шақырылған. Спортшылардың ұзын-ырғасы 30-дан аспайды. Олардың әр қадамы мен қауіпсіздігіне үш жаттықтырушы жауапты. Олардың шығысқазақстандық спортшы да бар. Атап айтсақ: Валентина Исламова, Светлана Анкичева, Татьяна Аманжол, Сандуғаш Дүйсенғалиева, Алтынай Сатылған, Айгүл Нұрәлім, Марина Седнева, Гүлмарал Еркебаева, жерлесіміз Ирина Казюлина (68 келі) және басқалары.