Бұрымдылар әзірлікті бір жетіден соң бастайды

471
көрілім

Бұл туралы әйелдер күресінен Ұлттық құрама бас бапкері Нұрлан Аманқосов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық олимпиадалық комитет ұсынған мәліметке сүйенсек, оқу-жаттығу жиынына негізінен команданың бірінші нөмірлі спортшылары шақыртылмақ.
– Спортшылар әзірлікті 15 қыркүйек күні Ақмола облысындағы Щучинск қаласында бастайды. Жиынға жалпы есебі 30 адам қатысады. Негізінен, команданың бірінші нөмірлі балуандарына мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын қыздардың аяқ алысын бақылаймыз. Халықаралық жарыстарға тоқталсақ, Біріккен Күрес Әлемі желтоқсан айында Сербияда әлем біріншілігі өтеді деп жоспарлауда. Мұның барлығы әлі нақты мәлімет еместігін ұмытпау қажет. Әлемдегі жағдайда байланысты бәрі де әп-сәтте өзгеруі мүмкін. Ал команда мүшелеріне жаттығу жиындары ауадай қажет. Алғашқы жиында балуандар ағзасына көп күш түсірмейміз, - дейді бас бапкер.